Прямая трансляция

Астана

Астана

26°C

Тоқаев жазушы Валерий Михайловты І дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы жазушы Валерий Михайловты І дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев жазушы Валерий Михайловты І дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды
Ақорда

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық әдебиеттің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін жазушы Валерий Михайловты І дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ президент Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайловқа құттықтау жеделхатын жолдады. 

Ол жеделхатта Валерий Михайловты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

"Табиғи талантыңыз бен еңбекқорлығыңыздың арқасында шығармашылық жолыңызда ерен табысқа қол жеткіздіңіз. Ұзақ жылдар бойы еліміздің беделді басылымдарында жемісті еңбек етіп, "Казахстанская правда" газеті мен "Простор" журналын басқардыңыз. Адамгершілігі мол әрі өмірлік ұстанымдарынан айнымаған тұлға ретінде қаламгерлер арасында және қоғамда үлкен құрметке бөлендіңіз", - деп жазылған жеделхатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Валерий Михайловтың бірнеше буын оқырман қызыға оқитын шығармалары төл әдеби қазынамыздың бір бөлшегі ретінде лайықты бағаға ие болғанына назар аударды.