Прямая трансляция

Астана

Астана

-21.03°C

Денсаулық сақтау министрі Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Щучинскідегі «Центр плова» дәмханасында болған жарылысқа қатысты пікір білдірді. Оқиғаның егжей-тегжейі туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды paryz.kz.

Денсаулық сақтау министрі Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
Фото: Baq.kz.

Щучинск қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан адамдардың қаза тауып, дәмханаға келушілердің зардап шегуіне байланысты болған қайғылы жағдайға орай, қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл орны толмас қаза. Біз сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз және бірге аза тұтамыз, - деді министр.

Оның айтуынша, оқиға болған алғашқы минуттардан бастап медициналық қызметтер толық көлемде жұмылдырылған.

Жедел жәрдем бригадалары оқиға орнына шұғыл жетіп, 13 зардап шегуші шұғыл түрде стационарларға жеткізілді. Алты адам тексеруден өтіп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емделуге жіберілді. Қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылған пациенттер барлық қажетті медициналық көмекті алуда. Жағдайы ауыр және өте ауыр пациенттер анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде тәулік бойы бақылауда болады. Жағдайы ең ауыр пациенттерді облыс орталығына эвакуациялау ұйымдастырылды, реанимациялық бригадалардың жұмысы мен бейінді мамандарды тарту қамтамасыз етілді, - деді Ақмарал Әлназарова.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды ерекше бақылауда ұстап отырғанын, әрбір зардап шегушіге барлық қажетті білікті медициналық көмек көрсету үшін тиісті шаралардың бәрі қабылдантынын айтты.