Прямая трансляция

Астана

Астана

-21.03°C

«Масқара, мынау ұят қой!»: Танымал журналист Меруерт Түсіпбаева араша түсті

Әнші Меруерт Түсіпбаева өзін отандық телеарналардан шеттетілгені туралы мәлімдеме жасаған еді. Журналист Гүлмира Әбіқай әншіге араша түсті, деп хабарлайды paryz.kz

«Масқара, мынау ұят қой!»: Танымал журналист Меруерт Түсіпбаева араша түсті
Коллаж: sn.kz

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Масқара, өнердегі қара тізім әлі бар ма не? Мынау ұят қой? Мәдениет және ақпарат министрлігі, ресми жауап күтеміз. Баяғыда осы тв-ға ананы салып, мынаны алып әуре болып жатушы еді. Мұндайдан Меруерт Түсіпбаева бағасы артпаса түспейді», — деп пікір білдірді ол.