Прямая трансляция

Астана

Астана

-21.03°C

Астаналықтарды қылмыстық топ 8,2 млрд теңгеге алдап соққан

Астанада "Оазис", "R-Club" және "R-ClubDeluxe" тұрғын үй кешендерінің құрылысына үлестік қаражатты заңсыз тарту дерегі бойынша қылмыстық істерді тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлады қалалық прокуратура.

Астаналықтарды қылмыстық топ 8,2 млрд теңгеге алдап соққан
Фото: СС0 / Capri23auto

"426-дан астам отбасыға 8,2 млрд теңге көлемінде аса ірі залал келтірген адамдар тобына қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды", - деп жазылған хабарламада. Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар ҚР заңнамасының талаптарын бұза отырып, "Оазис", "R-Club" және "R-ClubDeluxe" тұрғын үй кешендерін салу үшін азаматтардың ақшалай қаражатын тартқаны анықталды.

Тартылған ақшалай қаражат көзделген мақсатта пайдаланылмады, ал объектілердің құрылысы тиісті түрде жүзеге асырылмады.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қамтамасыз ету мақсатында соттың санкциясымен жылжымалы және жылжымайтын мүлікке, атап айтқанда 10 пәтерге, 36 жер учаскесіне, 16 тұрғын емес үй-жайға, 49 автомашинаға тыйым салынды. 

Күдікті 12 тұлғаға қатысты "Күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Елорда прокуратурасы азаматтарды пәтер сатып алмас бұрын үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаттың бар-жоғын мұқият тексеруге шақырды.