Прямая трансляция

Астана

Астана

-16.03°C

Тоқаев Air Astana басшысымен Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей әуе рейсін талқылады

Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев Air Astana басшысымен Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей әуе рейсін талқылады
Фото: Ақорда

Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті.

"Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды", - деп жазылған хабарламада.

Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.