Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Қазақстан 2030 жылға қарай экотуристер санын 12 миллионнан асырмақ

Өткен жылы еліміздегі ұлттық парктерге келушілер саны 1,5 млн адам болды, деді бүгін Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Қазақстан 2030 жылға қарай экотуристер санын 12 миллионнан асырмақ
сурет kazakh-tv сайтынан

Оның айтуныша, 1 қарашаға дейін Биологиялық әртүрлілікті сақтау және ұтымды пайдалану жөніндегі 2030 жылға дейінгі тұжырымдаманың жобасы әзірленеді. Аталмыш заң өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерін сақтауға, орман шаруашылығын және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Бұған қоса министрлік экологиялық туризмді дамыту мәселелеріне көңіл бөліп отыр.

 «Қазіргі уақытта Қазақстанда 13 ұлттық парк бар. 2019 жылы келушілер саны 1,5 млн адам болды. Бүгінгі күні ұлттық парктерде көлік үшін жабдықталған тұрақтарға, кемпингтерге, жаңа санитарлық кабиналарға аса қажеттілік байқалады. Біз халықаралық тәжірибе негізінде бағдарлар мен соқпақтарды жетілдіруді қарастырудамыз. Осының аясында қазіргі заманғы визит-орталықтар, медициналық пунктер, кемпингтер, этноауылдар және басқаларын құру көзделіп отыр», - деді ол.

Осыған орай қазір тиісті шетерлік-жоспарлар әзірленуде және жеке инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Экотуризмді дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды мүмкіндіктері есептелді. Жеке инвестициялар көлемі 70 млрд теңгеге жетеді. Туристер ағыны 1,5 млн-нан 12 млн-нан астам адамға дейін ұлғаяды. 12 мың қосымша жұмыс орны құрылатын болады», - деді Мырзағалиев.