Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

2019 жылы халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысы 104 282 теңге болды

2019 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 104282 теңгені құрады және атаулы мәнде 2018 жылмен салыстырғанда 12%-ға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2019 жылы халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысы 104 282 теңге болды
Baq.kz

Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың 5,3%-ке өсімі кезінде халықтың нақты ақшалай табыстары өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға жоғарылады, - делінген хабарламада.

Статистика комитетінің хабарлауынша, 2019 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының мөлшері бойынша ең жоғары мәні Атырау облысында байқалды, онда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2 есеге артты.

Табысы ең төмен өңірлер ретінде Түркістан облысы және Шымкент қаласы белгіленді, осы өңірлердегі халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің 50-67% құрады.

2019 жылы өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстардың ең жоғарғы және ең төменгі шамасы арасындағы айырмашылығы 4 есені құрады (2018 жылы – 4,2 есе).