Прямая трансляция

Астана

Астана

23.26°C

Биржада доллар үшінші күн қатарынан арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды paryz.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Биржада доллар үшінші күн қатарынан арзандады
Коллаж: kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,16 теңгеге түсіп, 467,48 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 469,85 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында: 

— доллар 465,05 теңгеден сатып алынады, 472,05 теңгеден сатылады; — еуро: сатып алу — 534,05 теңге, сату — 544,05 теңге; — рубль: сатып алу — 5,45 теңге, сату — 5,65 теңге. — юань: сатып алу — 68,84 теңге, сату — 73,03 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 467,85 теңгеден сатып алынады, 469,89 теңгеден сатылады. Еуро 538,53 — 543,71 теңге, ал рубль 5,53 — 5,66 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,65 теңгеден сатып алынады, 71,15 теңгеден сатылады.