Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді. 2024 жылы Алматы экономикасы 2021 жылмен салыстырғанда 20,7%-ға өсті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 56,6%-ға артып, 27 557 АҚШ долларына жетті (2021 жылы – 17 595 АҚШ доллары). Алматы Қазақстанның инвестициялық орталығы мәртебесін сақтап отыр. 2022–2024 жылдар аралығында қала экономикасына негізгі капиталға шамамен 5,2 трлн теңге инвестиция тартылып, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 52,4%-ға артқан.
Шағын және орта бизнес (ШОБ) Алматының экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күші болып табылады. ШОБ-тың қала экономикасындағы үлесі 2021 жылғы 47,5%-дан 2024 жылы 60,3%-ға дейін өсті. ШОБ секторы жұмыспен қамтудың басты көзі болып қала береді – мұнда қаладағы жұмыспен қамтылған халықтың 90%-ы немесе 972,1 мың адам жұмыс істейді. 2025 жылы алғаш рет Алматы қаласының бюджеты 2,4 трлн теңгеден асты.
Бұл көрсеткіш 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2,3 есе жоғары (2022 жылы – 1 070 млрд теңге). Даму бюджеті 622 млрд теңгеге дейін ұлғайып, 2022 жылмен салыстырғанда 2,9 есеге артты (2022 жылы – 213 млрд теңге).
Былтыр Алматы экономикасы 2021 жылмен салыстырғанда 20,7%-ға өсті. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 56,6%-ға артып, 2021 жылғы 17 595 АҚШ долларынан 27 557 долларға жетті.
Алматы Қазақстанның инвестициялық орталығы мәртебесін сақтап келеді. 2022-2024 жылдары қала экономикасына негізгі капиталға шамамен 5,2 трлн теңге инвестиция тартылды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 52,4%-ға көп.
Биылғы қаңтар-сәуір айында негізгі капиталға 541,3 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 35,6% болды. Инвестиция көлемі бойынша мегаполис ел бойынша бірінші орынға шықты. Шағын және орта бизнес қаланың экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күші болып отыр.
Шаһар экономикасындағы ШОБ үлесі 2021 жылғы 47,5%-дан 2024 жылы 60,3%-ға дейін өсті. ШОБ секторы жұмыспен қамтудың басты көзі ретінде қала береді, мұнда қала тұрғындарының 90%-ы немесе 972,1 мың адам жұмыс істейді. 2025 жылы алғаш рет Алматы қаласының бюджеты 2,4 трлн теңгеден асты. Бұл 2022 жылдың басындағы (1 трлн теңге) көрсеткішпен салыстырғанда 2,3 есе көп.
Дамуға арналған бюджет 622 млрд теңгеге дейін ұлғайып, 2022 жылғы 213 млрд теңгемен салыстырғанда 2,9 есе артты.
Биыл Алматы қаласы экономикасының қарқынды дамуы сақталып отыр. 2025 жылдың қаңтар-сәуір қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 9,1%-ға жетті.
Экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күштері – көлік саласы (+23,9%), құрылыс (+21,3%) және өңдеу өнеркәсібі (+17,6%).