Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттап, рубль арзандады

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 497 – 503 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттап, рубль арзандады
Фото: freepik

Ұлттық банктің 25 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 498,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,85 теңге. Еуро — 519,72. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 500,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 502,5 теңге. Еуро 521 — 525,5 теңге аралығында құбылып тұр. Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 497 теңге, сатып алу құны — 503 теңге. Еуро 517 теңгеден сатылып, 527 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,85 - 4,95 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 22 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,61 теңгеге қымбаттап, 498,59 теңге болған.