Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Бұл өнердің құпиясын кез келген адам түсіне бермейді»: Айгүл Иманбаева актерлік шеберлікті шыңдау туралы айтты

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева актерлік шеберліктің қыр-сыры туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Бұл өнердің құпиясын кез келген адам түсіне бермейді»: Айгүл Иманбаева актерлік шеберлікті шыңдау туралы айтты
Фото: видиодан скриншот

Өнер иесінің айтуынша, актерлік шеберлік жай ғана ойын емес. Сахнада немесе кадр алдында өнер көрсету адамнан өзін толық бақылауды, эмоциясы мен дене қимылын басқаруды талап етеді.

«Бұл өнердің құпиясы мен тереңдігін кез келген адам бірден түсіне бермеуі мүмкін. Сахнаға немесе кадрға қадам басқан әрбір жан өзін толықтай бағындыруы тиіс: жүрегінің соғысын да, ойының ағысын да, денесінің әрбір қозғалысын да», – деп жазды актриса.

Сондай-ақ ол түйсік пен эмоцияны шынайы жеткізу үшін үлкен дайындық қажет екенін атап өтті.

Оның сөзінше, арнайы тренингтер өнерпаздардың бойындағы әлеуетті ашып, шеберлігін шыңдауға көмектеседі.