Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты
Фото: reuters

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сицзан автономды ауданында болған жойқын селдің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады", - деп жазылған хабарламада.

Мемлекет басшысы жақындарынан айырылған азаматтардың қайғысына ортақтасып, із-түзсіз жоғалған жандардың тез арада отбасына оралуына тілектестігін білдірді.

Непал мен Тибет шекарасында жойқын су тасқыны болды. Табиғат апатынан қөз жұмғандардың саны 300-ден асып, мыңнан астам адам із-түссіз жоғалғандар есебінде тұр.