Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Елордалық әйел сақылдаған сары аязда суға түсетін киіммен жүр (ВИДЕО)

Қыстың көзі қырауда шешініп тастап жүрсе де, бұл жартылай жалаңаш әйел карантин талабын ескеріп, бетіне маска тағуды ұмытпаған екен.

Нұр-Сұлтан қаласында Арқаның сақылдаған сары аязын місе тұтпай, қоғамдық көлікте жолаушылардың бірі жазда суға түсетін ішкиіммен-ақ жүр, деп хабарлады paryz.kz.

Қолына үлкен жолсөмке ұстаған әйелдің видеосы Instagram-дағы kazakh elinde парақшасында жарияланған. Одан байқағанымыз, қыстың көзі қырауда шешініп тастап жүрсе де, бұл жартылай жалаңаш әйел карантин талабын ескеріп, бетіне маска тағуды ұмытпаған екен. Оны көрген жұрт видео астына "Дубайдан қашан келдің?" дегендей қағытпалар жазып жатыр.