Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Алматыдағы 5 млрд теңгеге салынған аурухана әлсіз аязға да төзбеді (ВИДЕО)

Коронавируспен ауыратын науқастарға арналған бұл модульдік жұқпалы аурулар клиникасы 18 күнде салынып біткен болатын.

Алматыдағы 5 млрд теңгеге салынған аурухана әлсіз аязға да төзбеді (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирусқа арналған госпитальдің ауыстырылуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлады paryz.kz, Instagram желісіндегі ресми ақпаратты негізге ала отырып.

"Бізге Алматыдағы 280 орындық жұқпалы аурулар госпиталі басқа жерге ауыстырылатынын хабарлады. Дереккөздің мәліметінше, емдеу мекемесі 2020 жылдың қараша айында Алматыға келген әлсіз аяздарға да жарамсыз болып шықты", - делінген хабарламада.

Жазбада биліктің барлық науқастарды, қызметкерлер мен қымбат жабдықтарды ауыстыруға мәжбүр екені атап өтілген. Ал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Мадеева жаңа филиал әзірге тек коронавирусы бар науқастарға арналғанын айтты.

Еске сала кетсек, Алматыда коронавируспен ауыратын науқастарға арналған модульдік жұқпалы аурулар клиникасы 18 күнде салынып бітіп, биылғы сәуір айында ашылған болатын. Ішіне 280 кереует қойылған.