Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Павлодар облысында әкім жедел жәрдем қызметкерін ұрып жықты: соққыдан дәрігердің миы шайқалған

Павлодар облысында ауыл әкімі мен фельдшер төбелесіп қалды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy.

Павлодар облысында әкім жедел жәрдем қызметкерін ұрып жықты: соққыдан дәрігердің миы шайқалған
Фото: gov.kz

Желіде тараған мәліметке сәйкес, Қоянды ауылдық округінің әкімі Ержан Оразалимов Екібастұз қалалық ветеринарлық станциясының фельдшерімен жанжалдасып қалып, арты төбелеске ұласқан.

Салдарынан медицина қызметкерінің бас миы шайқалып, бетінен жарақаттар алған. Облыстық полиция департаменті жанжал фактісін растады.

Ведомствоның хабарлауынша, төбелес кешкі уақытта іс-шара кезінде болған.

«Оқиға тұрмыстық сипатқа ие және олардың кәсіби қызметіне қатысы жоқ. Қатысушылар өзара татуласты, бір-біріне шағымдары жоқ», – делінген Павлодар облысы ПД түсіндірмесінде.