Қарағанды облысында «Кеншілер» мәдениет үйі аялдамасы маңын патрульдеп жүрген полиция қызметкерлері көпшілік ішінде өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған қызды байқап, оған көмек көрсетті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Полиция қызметкерлері бойжеткенге дереу алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Жедел жәрдемді күтіп уақыт жоғалтпау үшін оны полиция көлігімен жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізген.
Қазіргі уақытта бойжеткен дәрігерлердің бақылауында, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Біздің басты ұстанымымыз - жазалау емес, алдын алу және көмек көрсету. Әрбір полиция қызметкері күнделікті нұсқамада тек құқық бұзушылықты анықтауға ғана емес, қиын жағдайға тап болған азаматтарға қол ұшын созуға дайын болуы керектігін жақсы біледі, - дейді Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Негмет Исмағұлов.
Оның айтуынша, сондай-ақ күнделікті нұсқамаларда ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін өрескел құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылады.