Прямая трансляция

Астана

Астана

15°C

Шерзат Полат ісі: сотталғандар шу шығарды

Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар өздеріне шығарылған үкіммен келіспей, ақтауды сұрап Жоғарғы сотқа шағым жолдады. Бұл туралы Paryz.kz сайты.

Шерзат Полат ісі: сотталғандар шу шығарды
Фото: әлеуметтік желіден

Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Мейірман Шекеев желіде бұл хабармен бөлісті. Айтуынша, Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметов өздерін толық ақтауды талап етіп отыр.

“Бұл кассациялық шағымды қазір ғана алуға мүмкіндік туды. Ал сот ертеңге тағайындалған екен. Сондықтан құрметті достар бізді қолдап отырыңыздар. Атап айтқанда, 15 жылға сотталған Тоқтаубаев Азамат, 7 жылға сотталған Дидар Қалиахмет ақтауды сұрап отыр. Бізді қолдап кетіңіздер, әділдік әрдайым биікте болсын!” – деді ол.