Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

10 наурызда Қазақстанның үш өңірінде оқушылар қашықтан оқиды

10 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш өңіріндегі мектеп оқушылары қашықтан оқытуға көшеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

10 наурызда Қазақстанның үш өңірінде оқушылар қашықтан оқиды
Фото: pexels

Солтүстік Қазақстан облысы аумағында ауа температурасы -30°C-қа дейін төмендеуіне байланысты 0–11 (12) сыныптардың бірінші ауысымдағы оқушылары қашықтықтан оқиды.

Ақтөбе облысы өңірінде де қолайсыз ауа райына байланысты барлық білім беру мекемелеріндегі 1–11 сыныптың бірінші ауысымдағы оқушылары үшін сабақ онлайн форматта өтеді. Бұл туралы қалалық білім бөлімі хабарлады.

Ал ­Өскемен қаласында синоптиктер жаңбыр, қатты жел және көктайғақ болады деп болжауда. Осыған байланысты бірінші ауысымдағы 0–5 сынып оқушылары онлайн оқиды.