Кезеңнің бірінші жартысында Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынды ауа райы болады.
5–6 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, тұман басып, боран соғады.
Сондай-ақ оңтүстік-батыс ауа массаларының әсерінен күндіз ауа температурасының солтүстікте, шығыста және орталықта 3° аяздан 2° жылыға дейін, оңтүстікте 8–17° жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 5–15° жылыға дейін көтеріледі.
Тек кезеңнің соңында солтүстік-батыстан суық ауа массаларының енуіне байланысты жауын-шашын тоқтап және ауа температурасы күрт төмендейді.