Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақтөбедегі оқушы өлімі: Қылмыскерлердің жазасы жеңілдетілді

6 жыл 8 айға бос бостандығынан айырылған үш сотталушының жазасы өзгертілді. Ақтөбе облыстық апелляциялық сот алқасының қаулысымен сотталғандарға шартты жаза тағайындалды, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақтөбедегі оқушы өлімі: Қылмыскерлердің жазасы жеңілдетілді
Фото: әлеуметтік желіден

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, апелляциялық шағым түсіп, істі қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қарады. Апелляциялық шағымды жәбірленуші мен оның адвокаттары, сондай-ақ сотталған Б., М., Т. және олардың адвокаттары мен заңды өкілдері түсірген.

— Сотталғандардың кәмелетке толмағандығы, кінәсін мойындағаны, іс-әрекеттеріне өкінгені, жәбірленуші тараппен медиациялық келісім жасалғаны және сотталғандардың жазасын жеңілдетуді сұраған жәбірленуші тараптың пікірі ескерілді. Сот алқасы шартты түрде жаза тағайындау туралы шешім қабылдады. Қылмыстық кодекстің 63-бабы бойынша сотталғандар Б., М., Т-ның жазалары шартты деп есептелінді. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды. Апелляциялық қаулы заңды күшіне енді, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі. 

Еске салсақ, Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа ауылында 11 және 10-сынып оқушылары 9-сынып оқушыларын ауыл маңындағы моншаның жанына жинап, оларды ұрып-соқты. Сол кезде 9-сынып оқушысы оқиға орнында көз жұмды.