Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қарағанды – Астана автожолы уақытша жабылды

Қарағанды – Астана бағытындағы республикалық маңызы бар автожол уақытша жабылды, деп хабарлайды ІІМ-ға сілтеме жасаған

Қарағанды – Астана автожолы уақытша жабылды
Фото: видиодан скриншот

Құзырлы органның мәліметінше, тас жолдағы шектеу күн райының күрт бұзылуы мен жауын-шашынға байланысты енгізілген.

"Осыған орай, облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген қызмет режиміне көшті. Полиция жол қозғалысына қатысушыларды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, алыс жолдарға шықпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады", - делінген Telegram-дағы POLISIA.KZ арнасында жарияланған хабарламада.