Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақмола облысында 7 көлік соқтығысты: бір адам көз жұмды

Ақмола облысында жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Ақмола облысында 7 көлік соқтығысты: бір адам көз жұмды
Фото: sputnik.kz

Оқиға 13 желтоқсанда Астана - Ерейментау - Шідерті автожолының 94-95 шақырымында болды. Жеті көлік жаппай соқтығысқанб.

"Алдын ала мәліметке сәйкес, жол апаты салдарынан екі адам әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды", - дейді ведомство.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.