Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматыдағы 52 адам уланған жағдай: Қылмыстық іс қозғалды

Алматыдағы "Алматы-2" вокзалында 52 адам күйік газынан улану жағдайына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматыдағы 52 адам уланған жағдай: Қылмыстық іс қозғалды
Фото: istockphoto

Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінен мәлімдеді.

«Аталған факт бойынша Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 156-бабы (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – делінген ведомство таратқан хабарламада.