Прямой эфир
Астана
25.77°C
Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаменті "Авиажөндеу зауыты №406 ГА" АҚ-ның бұрынғы басшысына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды paryz.kz.
Күдікті қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, әуе кемелерін жөндеуге арналған тауарлық-материалдық қорларды заңсыз есептен шығару схемасын ұйымдастырған.
"МИ-2 тікұшақтарына, АН-2 әуекемелеріне және қозғалтқыштарға арналған агрегаттар мен қосалқы бөлшектерді бақылауындағы компаниялар арқылы жасанды түрде сатып алған", - деп жазылған хабарламада.
Зауыттың құжаттарында аталған агрегаттар қоймадан алынып, күрделі жөндеу кезінде авиациялық техникаға орнатылды деп көрсетілген, бірақ іс жүзінде қолданылмаған. Кейіннен олардың пайдаланылғанын формалды түрде растайтын есептен шығару актілері бекітілген. Мемлекетке келтірілген шығын 110 млн теңгені құрады. Сот санкциясымен күдіктіге тиесілі 2 пәтер мен жер учаскесіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.