Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Оралдық әйел өз үйін есірткі притонына айналдырған

Оралда пәтерін есірткі притонына айналдырған әйел ұсталды.

Оралдық әйел өз үйін есірткі притонына айналдырған
Фото: Sputnik / Олег Золото

Полиция қызметкерлері пәтердегі есірткі притонын жойды.

"Тінту кезінде тәртіп сақшылары пайдаланылған шприцтері бар полиэтилен пакеттер, шыны, пластик және металл ыдыстардағы сары түсті сұйықтықты, сондай-ақ көкнәр тұқымы бар екі табаны тәркіледі", - делінген хабарламада.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, есірткі притонын бұрын сотты болған 46 жастағы әйел ұйымдастырған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.