Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Банк картасын үшінші тұлғаға бергендер жауапкершілікке тартылады

ІІМ дербес деректерді қорғауға және қаржы қызметі саласындағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында маңызды өзгерістер енгізілгенін ескертті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Банк картасын үшінші тұлғаға бергендер жауапкершілікке тартылады
Фото: Pixabay

Ведомствоның хабарлауынша, қылмыстық кодекстің жаңа 232-1 бабында өзінің банктік деректемелерін үшінші тұлғаларға бергені үшін, сондай-ақ материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін немесе оларды алу мақсатында үшінші тұлғаның мүддесі үшін я болмаса пайданы көздеп, төлемдер немесе ақша аударымдарын жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді.

— Алаяқтар берілген деректерді қылмыстық кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру немесе басқа азаматтарды алдау үшін пайдаланады. Көп жағдайда зардап шеккендер өздерінің қылмысқа қатысушы екенін түсінбейді, — делінген хабарламада.

Құзырлы орган жеке және банктік деректер жай ғана ақпарат емес, бұл тұтынушылардың мүлкі, қауіпсіздіздік пен заң алдындағы жауапкершілік екенін ескертті. 

ІІМ келесі нұсқаулықтарды ұсынды: ешқашан банктік деректерін үшінші тұлғаға бермеңіз;  картаңызды немесе шотыңызды беру арқылы «оңай ақша табуға» келіспеңіз; күдік туындаған жағдайда банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.