Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақмола облысында ұрылар депутаттың үйін тонап, көлігін мініп кеткені туралы ақпарат тарады

Ақмола облысының Астраханка ауылында бетперде киген екі адам аудандық мәслихат төрағасы Мейрам Қожахметтің үйіне басып кіріп, отбасы мүшелерін жертөлеға қамап, үйді тонап кеткені туралы желіде ақпарат тарады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Ақмола облысында ұрылар депутаттың үйін тонап, көлігін мініп кеткені туралы ақпарат тарады
фото: Azattyq Ruhy

Алдын ала мәлімет бойынша, қарулы қарақшылар отбасыға түн ортасында шабуыл жасаған.

Олар үйдегі адамдарды жертөлеге қамап тастап, үй ішін тінтіп, ақшаны, алтын бұйымдарды және автокөлікті алып кеткен. Кейін ұрланған көлікпен белгісіз бағытқа жол жүріп, ізін жасырған. 

Ұрылар әзірге ұсталған жоқ. Полиция департаменті Астраханка ауылында болған қарақшылық шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта күдіктілердің жеке басын анықтау және оларды ұстау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған қылмысты ашу мәселесі департамент басшылығының бақылауында», - деді полициядан.