Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Антикор Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін қайта ұйымдастыруды қаулы етті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған Paryz.kz.

Антикор Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кірді
Фото: Антикор

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қайта ұйымдастырылсын. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі (бұдан әрі – Қызмет) құрылсын. Қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілсін. Жарнама Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігін берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын", - делінген президент қаулысында.

Енді Ұлттық қауіпсіздік комитеті бір ай мерзімде Қазақстан президентінің қарауына: 1) Қызмет туралы ереженің жобасын; 2) Үкіметпен және Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, қайта ұйымдастырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) берілетін функциялары мен өкілеттіктеріне сәйкес штат санын қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарды енгізуі қажет.

Сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бір ай мерзімде Қазақстан президентінің қарауына агенттік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жарлық жобасын енгізуі керек. Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі екі ай мерзімде осы жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауы қажет. Ал үкімет 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін осы жарлықтан туындайтын заң жобасын әзірлеп, парламент мәжілісінің қарауына енгізуі қажет.