Прямая трансляция

Астана

Астана

33°C

Қаржы министрі мемлекеттік қарыздың көлемін жариялады

Қаржы министрі Мәди Тәкиев мемлекеттік қарыздың көлемін жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қаржы министрі мемлекеттік қарыздың көлемін жариялады
фото: Sputniknews

Биыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31,9 трлн теңге болған.

“Бұл жалпы ішкі өнімге шаққанда 21,1 процентті құрайды. Бізде мемлекеттік қарыздың көлемі көп емес. Оны халықаралық институттар да растап отыр”,-деді Тәкиев мәжілістің бүгінгі отырысында. Министрдің айтуынша, мемлекеттік қарызды азайту үшін бюджет тапшылығын төмендетіп, салық жинау көлемін арттыру қажет. Бүгінде үкімет дәл осы шараларға басымдық беріп жатыр.

 “Жалпы, жаңа Салық кодексі аясында біз осы мәселелерді реттеп аламыз”,-деп атап көрсетті Тәкиев.