Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 08.12.2025 11:50 Обновлять, 08.12.2025 12:16

Әйелін ұрып-соққан петропавлдық қамауға алынды

Петропавлда әйелін ұрып-соққан ер адам сот үкімімен 25 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Әйелін ұрып-соққан петропавлдық қамауға алынды
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, шілдеде Петропавл тұрғыны тәртіп сақшыларына жолдасының мас күйде оған қол көтергенін хабарлаған.

Ер адам әйелінің басы, иығы мен жамбасына бірнеше рет соққы жасаған. Бұған дейін де ол отбасылық құқықбұзушылықтар үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Учаскелік полиция инспекторлары қажетті материалдарды жинап, қылмыстық іс қозғады. Сот үкімімен ол 25 тәулікке қамауға алынды.