Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық дзюдошы Аруна Жангелдина алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Спорт комитеті.
Отандасымыз әйелдер арасындағы 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік шығып, финалда Камерун елінің спортшысы Георгику Мунесті жеңді. Айта кетейік, бұл жеңіс – Қазақстан құрамасының аталған ойындардағы алғашқы алтын медалі болды.