Танымал әнші Жазира Байырбекова айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаевадан ұлы Қазбек пен келіні Асылымның отбасына бата беруін сұрады, деп жазады Paryz.kz.
Қазбек пен келіні Асылымның отбасына бата беруін сұрады.
Өнер иесінің айтуынша, А.Тұрсынбаеваның айтқан сөздері мен тілектерінің орындалу қасиеті бар.
«Бір кезде Айекем маған: "Жазира, қыздың анасы бол", – деп өлең шумақтарын арнап еді. 9-10 айдан кейін қызды болдым. Содан бері Айнұрдың аузы дуалы екенін жиі байқап жүрмін. Айекем, жақсы тілегің қабыл болсын», — деп жазды әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Кездесу барысында Жазира Байырбекова ақыннан жас отбасының тезірек сәбилі болып, өзінің немере сүюін тілеп бата беруін өтінген. Өз кезегінде Айнұр Тұрсынбаева әншіге ақ тілегін арнап, батасын берді.