Павлодар облысы Ақтоғай ауданында төтенше оқиға орын алып, алты адам қаза тапты. Тағы бір жұмысшы ауыр жағдайда ауруханаға түсті, деп хабарлайды paryz.kz.
Оқиға Жоламан ауылында орналасқан «Aqtogai Milk» ЖШС аумағында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы жағдай кәріз құдығындағы электр сорғысының ақауын жою және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде орын алған.
«Апат салдарынан 6 адам оқиға орнында көз жұмды. Ауыр халдегі 1 адам жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілді. 1988 жылы туған пациент орташа дәрежедегі көмірқышқыл газымен улану диагнозымен Ақтоғай аудандық ауруханасына жатқызылды. Ол қажетті медициналық көмекті алуда», - деп хабарлады денсаулық басқармасынан.
Полицияның ресми түсіндірмесі Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлады Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі.