Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Астанада әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды

Астанада әйел адамға шабуыл жасалып, ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы оқиғаға қатысты ресми түсініктемені Елордалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбіл Әбілдин берді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанада әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды
Фото: Астана қаласы полиция департаменті

Полиция мәліметінше, оқиға 23 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында орын алған. Әйелге шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен бойда оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері жеткен.

Анықталғандай, марқұмға пышақ жарақатын оның бұрынғы күйеуі салған. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан әйел адам оқиға орнында тіл тартпай кетті.

«Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді ПД бастығының бірінші орынбасары Әбіл Әбілдин.

Сонымен қатар, полиция өкілдері әлеуметтік желілерде тарап жатқан сыбыстарға қатысты жауап берді: Күдікті азамат полиция қызметкері болып табылмайды.

Тергеу барысы Астана қаласы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған. Тәртіп сақшылары кінәлі тұлғаның заң талаптарына сәйкес ең қатаң жазаға тартылатынын атап өтті.

Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Астанада әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды Астанада әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды Алматыда Студенттер сарайының шатыры опырылды: ҚазҰУ ғимараттың техникалық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады Алматыда Студенттер сарайының шатыры опырылды: ҚазҰУ ғимараттың техникалық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады «Жамандағанша, түзетуге тырыс»: Сырымбек Тау елді сынайтындарға жауап берді «Жамандағанша, түзетуге тырыс»: Сырымбек Тау елді сынайтындарға жауап берді «Бала берсең, сана бер»: Қызылордада белгісіз ер адам қарт әжені таксиге отырғызып, қарттар үйіне апаруды өтінген «Бала берсең, сана бер»: Қызылордада белгісіз ер адам қарт әжені таксиге отырғызып, қарттар үйіне апаруды өтінген Алаяқтар Ұлттық Банктің атын жамылып, азаматтардың ақшасын иемденуде Алаяқтар Ұлттық Банктің атын жамылып, азаматтардың ақшасын иемденуде Жол ережесін жиі бұзатындардың да айыппұлы еселеп артпақ Жол ережесін жиі бұзатындардың да айыппұлы еселеп артпақ