Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

ҰҚК Астанада заңсыз схеманы әшкереледі: 70-тен астам жүргізуші куәлігінің күші жойылды

Қала прокуратурасының үйлестіруімен ҰҚК департаменті жүргізуші куәліктерін заңсыз берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды paryz.kz. 

ҰҚК Астанада заңсыз схеманы әшкереледі: 70-тен астам жүргізуші куәлігінің күші жойылды
Фото: sputnik.kz

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамына Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мен делдалдар кірген.

Тергеу барысында сыбайластардың өзара рөлдерді бөліскені анықталды: делдалдар орталық ғимараттың жанында тұрып, теориялық емтихан тапсырушыларға сұрақтардың дұрыс жауаптарын айтып отырған, ал орталық қызметкерлері практикалық емтиханның тапсырылғаны туралы көрінеу жалған мәліметтерді ақпараттық базаға енгізген. 2025 жылыаталған алаяқтық схема арқылы 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған. 

Күдіктілердің әрекеттері Қылмыстық кодекстің 262-бабы (Ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) және 206-бабы (Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) бойынша сараланған. 6 адамға қатысты күзетпен ұстау, 3 адамға ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат, 1 адамға қатысты үйқамақ түріндегі бұлтаратпау шаралары қолданылған.

Заңсыз алынған 74 жүргізуші куәлігінің күші жойылды. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.