Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі.
Мемлекет басшысы елдің ұлттық мерекені ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында атап өтіп жатқанын, Қазақстан осы мемлекет тарихының мерейлі межесіне қарқынды дамып келе жатқан, әлем қауымдастығының құрметіне ие болған ел ретінде жетіп отырғанын айтты.
"Егемен Қазақстанның негізін қалауға, оның өте күрделі экономикалық жағдайда дамуына, еліміздің көптеген тарихи жетістікке қол жеткізуіне зор үлес қосқан Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын. Себебі, бұл – әділеттілікке сай келетін мәселе", - деді президент. Президент тарихи үрдістерге әділетті көзбен қарап, әділ баға беру керектігін айтты.