Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Ринат Зайыт жаңа қызметке тағайындалды

Айтыскер ақын, бұрынғы Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшысы қызметіне тағайындалды. Ол бұл қызметке Маңғыстаудағы 14 сарбаздың қазасынан кейін, қазан айының басында келген.

Ринат Зайыт жаңа қызметке тағайындалды
Фото: видиодан скриншот

Бұл туралы Ринат Зайыт Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Осы қазан айының басында жаңа Қорғаныс министрінің шақыртуымен Қорғаныс министрлігіне қарасты Ұлттық әскери-патриоттық орталыққа келдім. Бұл орталыққа әскери ансамбль, оркестр, патриоттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары кіреді. Жалпы, әскердегі және әскерге дейінгі жастардың патриоттық санасын, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырумен айналысады», – деді ол.

Ринат Зайыттың айтуынша, жаңа қызметке келуіне қорғаныс саласында басталған реформалар да әсер еткен.

«Соңғы жағдайлардан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс саласында түбегейлі өзгерістер жасауды тапсырды. Бұл реформалар басталды. Мен өзім жаңа өзгерістерге қатысқанды жақсы көретін адаммын. Сондықтан бұл қызметке қуана-қуана келдім. Сол реформаның кішкентай болса да бір бөлшегіне атсалыссам деген арманмен келдім», – деді Ринат Зайыт.