Синоптиктер 24-26 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы демалыс күндері кей өңірлерде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған paryz.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында, 24 қазанда шығысында, сондай-ақ 24 және 26 қазанда Қарағанды облысында жауын-шашын (негізінен қар түрінде) күтіледі.
Маңғыстау облысында аздаған жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл соғуы мүмкін. 24 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында қалың қар жауып, боран соғады деп болжанады.
Батыста, солтүстік-батыста және Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман түседі.
Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде -1...-8 градус аяз күтіледі. Ауа температурасы:
батыста күндіз ауа температурасының негізгі фоны +11…+18°С болады. солтүстікте түнде ауа температурасы -4…-10°С-тан 0…+5°С-қа дейін жоғарылайды, күндіз +2…+7°С-тан +6…+11°С-қа дейін аздап құбылады.
орталықта түнде ауа температурасының негізгі фоны -2…-10°С, күндіз 0…+5°С-тан +5…+12°С-қа дейін біртіндеп жоғарылайды. шығыста түнде ауа температурасының негізгі фоны -5…-10°С, облыстың таулы аудандарында -13…-18°С болады.
Күндіз -5…+5°С аралығында күтіледі. оңтүстікте күндіз ауа температурасының негізгі фоны +8…+15°С болады. оңтүстік-шығыста күндіз ауа температурасы +2…+7°С-тан +6…+12°С-қа дейін аздап жоғарылайды, таулы аудандарда -1…-6°С күтіледі.