Прямая трансляция

Астана

Астана

9.28°C

Журналист Индира Жылқайдарова дүниеден өтті

Қазақстанның белгілі журналисті, «Хабар» телеарнасының «Жеті күн» бағдарламасының редактор-талдаушысы Индира Орынбайқызы Жылқайдарова дүниеден өтті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Журналист Индира Жылқайдарова дүниеден өтті
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне көңіл айтты.

Индира Жылқайдарова 2015 жылдан бастап «Хабар» агенттігінде еңбек еткен. Ол парламенттік журналистикаға, қоғамдық-саяси мәселелерге және еліміздің заң шығару үдерісін ақпараттық тұрғыдан жария етуге ерекше мән берді.

Журналист ел өміріндегі маңызды оқиғаларды талдап, өзекті мәселелерді көрерменге жедел әрі шынайы жеткізуге үлес қосты. Кәсіби еңбегі журналистік байқауларда да жоғары бағаланған.

Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған Индира Жылқайдарованың жарқын бейнесі әріптестері мен көрермендерінің жадында сақталады.

Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.