Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

Маңғыстауда түйе жол апатына себеп болды: төрт адам қаза тапты

Маңғыстау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды paryz.kz өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Маңғыстауда түйе жол апатына себеп болды: төрт адам қаза тапты
Фото: Маңғыстау ПД баспасөз қызметі

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қыркүйекте, сағат 20:30 шамасында республикалық маңызы бар Ақтау - Бейнеу тас жолында екі Toyota Camry автокөлігі жол апатына ұшырады.

"Алдын ала мәлімет бойынша Жетібай ауылынан Шетпе ауылына қарай келе жатқан Toyota Camry жүргізушісі жол үстінде тұрған түйені қағып кеткен. Соқтығысқаннан кейін көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, онда келе жатқан Toyota Camry автокөлігімен соқтығысқан", - деп хабарлады Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметі. 

Жол апатының салдарынан төрт адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы төрт адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жалғасуда. Оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде жануардың иесі анықталуда.