Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

«600 мыңнан 1 млн теңгеге дейін»: Құрылтай депутаттарының қанша жалақы алатыны білгілі болды

Құрылтайдың вице-спикері Дания Еспаева брифинг барысында депутаттардың айлық жалақысы туралы айтты. Ол депутаттардың айлығы атқаратын жұмысына қаншалықты байланысты екенін мәлім етті, деп хабарлайды paryz.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

«600 мыңнан 1 млн теңгеге дейін»: Құрылтай депутаттарының қанша жалақы алатыны білгілі болды
Фото: kazinform

Дания Еспаева қазіргі таңда депутаттар айына 600 мыңнан 1 млн теңгеге дейін жалақы алатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, төлем мөлшеріне еңбек өтілі әсер етеді.

"Қазір депутаттардың жалақысы 600 мыңнан 1 млн теңгеге дейін. Егер депутаттың еңбек өтілі көп болса, оның жалақысы 1 млн теңгеге жетеді", - деді Дания Еспаева. 

Ал депутат Үнзила Шапақ депутаттар арасында белсенділікке байланысты рейтинг болмайтынын айтты. Оның сөзінше, бірнеше ай бойы депутаттық сауал жолдамаған немесе жалпы алғанда пассивті болған депутаттарды жалақыдан айырмайды. 

"Ешқандай рейтинг жоқ. Егер депутат сауал қоймаса, ол жұмыс істемейді деген сөз емес. Депутаттық сауал фракцияда талқыланады, содан кейін бір ғана депутат оны жалпы отырыста жариялайды. Бұл депутаттың жұмысының көрсеткіші емес. Сондықтан депутатты сауал оқымағаны үшін шектей алмаймыз. Салыстырмалы кесте бойынша ұсыныс немесе пікір бермегені үшін депутаттың жұмысына төмен баға бере алмаймыз", - деді ол.