Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Тоқаев Солтүстік Македония президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаев Солтүстік Македония президентіне жеделхат жолдады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Гордана Силяновска-Давкованы Солтүстік Македония Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Жеделхатта достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынас дәйекті түрде дамып келе жатқаны атап өтілген, - делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гордана Силяновска-Давкованың қызметі мен игі бастамаларына толайым табыс, ал Солтүстік Македония халқына құт-береке тіледі.