Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Шыңғыс Әрінов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдарда қызмет атқарды (2006-2022)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Президент күзет қызметінің бастығы (2022-2024)
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі (06.02.2024)