Прямая трансляция

Астана

Астана

26°C

Тоқаев 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салу туралы пікір білдірді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерде тіркелуге тыйым салу туралы пікір білдірді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Астанада өткен Тамыз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салу туралы пікір білдірді
Фото: depositphoto

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың психологиялық саулығын сақтау туралы пікір білдірді.

"Әлеуметтік желілер, цифрлық платформалар, жасанды интеллект пен агрессивті маркетинг балалар дүниетанымына отбасы мен мектептен кем әсер етпейді. Өскелең ұрпақтың психологиялық саулығы мен эмоциялық тұрақтылығы, адамгершілік тәрбиесі ұлттық қауіпсіздікке және елдің орнықты дамуына ықпал ететін маңызды факторға айналды. Қазіргі жағдай 2018 жылы қабылдаған "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" Заңды қайта қарауды және елеулі өзгерістер енгізуді талап етеді. Үкімет 16 жасқа толмаған пайдаланушыларға әлеуметтік желіде тіркелуге тыйым салатын заң жобасын әзірледі (биыл маусым айында Парламент қарауына ұсынылды). Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында депутаттарға осы мәселені қарастыруды ұсынамын", - деді Президент. Мемлекет басшысының сөзінше, көптеген озық елдер осы іспеттес шаралар қабылдады.