Прямая трансляция

Астана

Астана

26°C

«Маньяк жүр» деген қауесет: Полиция Кентаудағы оқиғаның мән-жайын айтты

Кентауда тұрғындарды дүрліктірген хабарлама шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Маньяк жүр» деген қауесет: Полиция Кентаудағы оқиғаның мән-жайын айтты
Фото: видиодан скриншот

Тұрғындардың үрейін ұшырған «адам денесі табылды» және «маньяк жүр» деген ақпарат расталмады.

Полицияға Кентаудағы Яссауи даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан адам денесі табылғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы бірден шықты. 

«Полиция аталған аумақты, соның ішінде қоқыс жәшіктерін тексерді. Ақпарат расталған жоқ. Қазіргі уақытта хабарламаның шыққан көзі және оның таралу жолдары анықталып жатыр. Тексеру нәтижесінде заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады», - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі. 

Полиция азаматтарды тексерілмеген ақпараттарды таратпауға шақырады және көрінеу жалған ақпарат үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.