Прямая трансляция

Астана

Астана

22.42°C

Аптап нөсерге ұласады: Астана мен Алматыдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 30 маусым, 1 және 2 шілдеде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды paryz.kz.

Аптап нөсерге ұласады: Астана мен Алматыдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: depositphoto

30 маусымда күн ала бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +24...+26 градус жылы болады. 1 шілдеде күн ала бұлтты болады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +25...+27 градус жылы болады.

2 шілдеде күн ала бұлтты болады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +27...+29 градус жылы болады.