Маңғыстау облысында Каспий теңізінде суға кеткен ер адамның мәйіті бес күндік іздеу жұмыстарынан кейін табылды. Бұл туралы Paryz.kz Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлады.
Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, марқұмның денесі 26 маусым күні сағат 18:30 шамасында Ақтаудан 65 шақырым қашықтықта орналасқан демалыс базаларының бірінің маңынан табылған.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД-ның 9 құтқарушысы, арнайы техника мен жүзу құралдары, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери бөлімінің және Әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлері жұмылдырылды.