Прямая трансляция

Астана

Астана

25.76°C

Маңғыстау облысында даладан сирек кездесетін аң табылды

Маңғыстау облысында даладан Қызыл кітапқа енген көмекке мұқтаж жануар табылды, деп хабарлайды Үстірт мемлекеттік табиғи қорығына сілтеме жасаған paryz.kz.

Маңғыстау облысында даладан сирек кездесетін аң табылды
Шұбар күзен. Фото: Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы

Қорықтың мәліметінше, қиын жағдайға тап болған жануарды полиция қызметкерлері Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына жеткізген.

"Ақтау қаласына Үстірт қорығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Жасқайрат Ермек пен инспектор Досан Атантаев барды. Табылған жануар Қазақстан фаунасындағы Vormela туысының жалғыз өкілі – шұбар күзен болып шықты. Ол Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және III санатқа жататын, яғни саны мен таралу аймағы азайып бара жатқан сирек кездесетін түр", - делінген хабарламада. 

Мамандар жануарға визуалды тексеру жүргізген. Оның денесінен ауыр сыртқы жарақаттар анықталмаған.

"Шұбар күзен әдетте жартылай бекіген және бекіген құмды алқаптарды мекендейді. Сонымен қатар құмтышқандар, сарышұнақтар мен тышқандар сияқты ұсақ сүтқоректілер шоғырланған жерлерді таңдайды. Жануар кейін Қарақия-Қаракөл мемлекеттік табиғи қаумалының аумағына жеткізіліп, табиғи мекендеу ортасына жіберілді", - деп нақтылады мамандар.