Прямая трансляция

Астана

Астана

31.68°C

ЭЦҚ және SMS арқылы кіру: қазақстандықтар үшін маңызды хабарлама жарияланды

Ұлттық куәландырушы орталықтың жеке кабинетінде пайдаланушылардың есептік жазбаларының қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында екі факторлы аутентификация енгізілді, деп хабарлайды paryz.kz.

ЭЦҚ және SMS арқылы кіру: қазақстандықтар үшін маңызды хабарлама жарияланды
pixabay

"Ұлттық ақпараттық технология" АҚ мәліметінше, енді авторизация кезінде электрондық цифрлық қолтаңбадан (ЭЦҚ) және құпиясөзден бөлек, SMS арқылы жіберілетін бір реттік код немесе eGov Mobile мобильді қосымшасындағы "Жеке куәлік" цифрлық құжатынан алынатын код арқылы қосымша растаудан өту қажет.

Бұл механизмнің Мобильді азаматтар базасында телефон нөмірі тіркелмегендіктен Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаларға қатысы жоқ. 

Қосымша тексеру кезеңі пайдаланушылардың есептік жазбаларын қорғауға және дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алуға бағытталған.