️Брюссельге ресми сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жатқан Қазақстан азаматтарымен кездесті, деп хабарлайды paryz.kz.
"Жалпыхалықтық референдумда халқымыз бірауыздан, біртұтас қоғам болып Конституциямызды қолдады. Өте керемет құжат, 1 шілдеде күшіне енеді. Ата заңымыз халқымыздың темірқазығы болады. Сондықтан баршаңызды шын жүректен жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын", – деді президент.
️Сонымен қатар президент шетелде білім алып, жұмыс істеп жүрген отандастарымызға қолдау білдірді. Ол елге білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар қажет екендігін айтты.